Спорт • 06 Сәуір, 2020

Амир Хан: Коронавирус пандемиясы 5G енгізумен байланысты

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстан WBA және IBF нұсқасы бойынша әлемнің жартылай орта салмақтағы экс-чемпионы британиялық Амир Хан коронавирус пандемиясы 5G енгізумен байланысты деп есептейді.

Амир Хан: Коронавирус пандемиясы 5G енгізумен байланысты

Спортшы коронавирустың Қытайдан шықпағанына сенімді. Көп ел үкіметі тұрғындарды бақылауда ұстағысы келетіндіктен жаңа вирус таратқан.

«Коронавирус мына елден, коронавирус ана елден шықты деген ақпарат мен секілді сізді де жалықтырған шығар. Сіз әлемде енгізіліп жатқан 5G интернеті індетпен байланысы бар деп ойламайсыз ба? Мұны адамдар әдейі жасады. Бәлкім тұрғындарды бақылауда ұстау үшін ұйымдастырылған болуы да мүмкін. Олардың мақсаты жер шарынан адам санын азайту, әсіресе қарияларды. Өйткені бұл дерттен қарт кісілер бірінші зардап шегіп жатыр», дейді ол.

Сонымен қатар Ханның айтуынша, мобильді байланыстың жаңа түрін енгізетін кезде әлемде бұған дейін де түрлі эпидемиялар пайда болып отырған.

«Мысалы, 2003 жылы 3G қосылған кезде әлемде атипті пневмония тарады. 2009 жылы 4G енгізілді, сол жылы әлемді шошқа тұмауы алаңдатты. Қазір 5G енгізіліп жатыр және коронавирус тарауда. Адамдар мені алжасты деуі мүмкін. Басынан көп соққы алған деп мені оқшаулауға тырысуы мүмкін. Бірақ бұл ойланатын нәрсе», дейді боксшы.