Руханият • 06 Сәуір, 2020

Досы үшін жолға шыққан жанкешті

3003 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

1992-1993 жылдары Ресей құрамындағы Шешенстан жеке ел боламыз деп тулады. Сөйтіп, екі ортада қарулы қақтығыс пайда болды. Бірде шешендер жаралы күйде қолға түскен орыс солдаты жайлы бейнежазбаны оның ата-анасы жібереді. Онда: «Бір аптаның ішінде 10 000$» әкелмесеңдер, өлтіреміз» делінген. Елдің қиыр шығысы Приморский өлкесінде өмір сүріп жатқан солдаттың ата-анасы кедей адамдар екен. Олар ұлымен бірге өскен жан досына барып «Серега бір амалын тауып тұтқындағы досыңды құтқар!» деп жалынады.

Досы үшін жолға шыққан жанкешті

Оқиғадан хабардар село тұрғындары ашқа жинап, жігіттің «Нива» машинасына толтырып бензин құяды. Бұл жерден Шешенстанға дейін 13000 шақырым жол. Бір аптаның ішінде үлгеруі тиіс. Қысқасы, Серега досын құтқару үшін жолға шығады.

Итарқасы қиырдан жанкешті жігіт досын құтқару үшін жолға шыққаны жайлы  «Совершенно секретно» газеті бірінші беттен оның суретін қосып мақала жариялайды. Оны әр жердегі өлкелік, аудандық т.б. газеттер көшіріп басып, елдің бәрі біледі. Тіпті жолай кездескен қарапайым адамдар қолындағы бір-екі рублдерін ұстатса, кейбіреуі машинасына толтырып бензин құйып береді. Пирожкилерін қағазға орап ала жүгірген апалар қаншама.

Ол кезде жалпақ Ресейді рэкет деген тектектер жайлап жатқан. Олар Сереганың қайда келе жатқанын, қанша ақшасы барын алақандағыдай біліп отырды. Бірақ бірде-біреуі тиіспеді. Өйткені, жанкешті жігіт  «Я еду друга спасать» деп жазып, машинасының маңдайшасына жапсырып қойған.

Бір жолы қос дөңгелегі қатар жарылып, не істерін білмей қиналып тұрғанда жол тонаушы бір топ қарақшылар келіп, «Серега қорықпа, біз бәрін бақылап отырмыз, сен нағыз азаматсың!» деп, өздері мініп келген машинасының қос дөңгелегін салып беріп, бір жәшік арақты жүксалғышқа тиеп ұзын жолға шығарып салыпты.

Содан бір апта дегенде Серега Шешенстан шекарасына тұмсық тірейді. Алда қауіпті шеп. Осы жерде жолыққан МАЙ-дың сақа майоры «Серега, сені күтіп жүр едім, келген екенсің. Енді мына соқпаққа түс. Ешқашан тоқтауға болмайды. Қазір күз. Таудың ара райы қатал. Мә, мынаны киіп ал!» деп майор поганды шинелін шешіп береді.

Шешенстан шебіне кірген Сереганың жайынан елді көбі хабардар... тіпті көрген жан жылы шырай танытып әлек. Бірақ межеден екі күн асып кетті. Қызық болғанда досын кепілге алған шешен жасағы «досы үшін» жанын жалдап келген азаматты сыйлап, қалтасындағы ақшасын да алмай, бала кезден біре өскен жан серігін таудан түсіріп, екеуін аман-сау қояа берген. 

Шын мәнінде шешен жігіттерінің жүрегін жібіткен Сереганың «Досым үшін» («За друга») деген адал ниеті мен шынайы ықылысы болатын.