Қазақстан • 06 Сәуір, 2020

Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған

«Бүгінде медициналық қызметкерлердің арасында 120 адам коронавирус індетін жұқтырған. Олардың 67-сі коронавирус індетін жұқтырды деген күдікті немесе жұқтырғандармен жұмыс істегендер. Біреуі ауыр жағдайда жатыр. 7 пайыз не 9 адам орташа ауырлықта, қалған 57 адам жеңіл және сиптомсыз жатыр» деді ол. 

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 604 жағдай тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.