«Барыс» хоккей клубы бас бапкер Андрей Скабелкамен еңбек келісімшартын ұзартуға келісе алмады. Беларусь маманымен қазіргі келісімшарт 2020 жылдың 30 сәуірінде аяқталады. Осылайша, Андрей Скабелка мен оның бапкерлік штабына алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ командаға жаңа бас бапкер іздеп жатқанымызды да мәлімдейміз», делінген хабарламада.
49 жастағы Андрей Скабелка «Барыс» тізгінін 2018 жылы қолына алған болатын. Екі жылдың ішінде жерлестеріміз тәуір нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, екі жыл қатарынан Құрлықтық хоккей лигасында Чернышев дивизионында топ жарды. Сонымен қатар екі жыл Гагарин кубогының плей-офф кезеңінің екінші айналымына шықты.