Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Ақтаудағы зияткерлік мектеп қашықтан оқытуды бастады

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде де 2019-2020 оқу жылының IV оқу тоқсаны басталды. Жаңа тоқсанның ерекшелігі – қашықтан оқуда. Зияткерлік мектептің 137 мұғалімі бүгін оқушыларға қашықтан сабақ беруде. Бұл туралы аталған мектептің баспасөз қызметі хабаралды.

Ақтаудағы зияткерлік мектеп қашықтан оқытуды бастады

- Зияткерлік мектептер Microsoft Teams бағдарламасының көмегімен сабақ бере бастады. Алғашқы сабақ өте қызықты өтті. Сабаққа қосылған оқушыларымыздың барлығы дерлік мектеп формасын киіп, жаңа форматта сабақ оқуға дайын екендерін көрсетті. Платформадаға сабақ еш қиындықсыз өтті, дейді 30 жылдық тәжірибесі бар орыс тілі пәнінің мұғалімі Зоя Туляева.

Оқушылар да платформаның тиімділігін ерекше атап өтті.

-Маған бағдарлама барысында түртпе жасап отыруға арналған функция ерекше тиімді болып көрінді. Тағы бір тиімділік, өтіп кеткен сабақты қайталап көру мүмкіндігі. Бұлай сабақ оқу ыңғайлы болғанымен, біз мектепті, жүзбе-жүз өткізілетін сабақтарды, ұстаздарымызды ерекше сағындық, дейді білім ордасының 12-сынып оқушысы Әлібек Жанаев.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ақтау қаласындағы Назарабев Зияткерлік мектебінде 706 бала қашықтан білім алып жатыр. Бұрын 80 минут өткізіліп келген сабақтар 40 минуттан, ал 40 минуттық сабақтар 20 минуттан өткізілуде. Әр сабақ арасында оқушылар 10 минуттық үзіліс жасап, дене шынықтыруға, көзді сақтауға арналған жаттығулар жасайды.

 

Маңғыстау облысы