Қазақстан • 06 Сәуір, 2020

Жүк көлігі жасыл дәлізбен қалай жүреді?

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде елорданы азық-түлік және азық-түлік емес тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Жасыл дәліз» құрылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова Телеграм каналында хабарлады.

Жүк көлігі жасыл дәлізбен қалай жүреді?

Енді Нұр-Сұлтан қаласына кіріп-шығу үшін жүк таситын көлік жүргізушілері бақылау-өткізу пунктінен кедергісіз өте алады. Ол үшін post.iqala.kz сайтында өтініш қалдыруы керек. Бұл өтініші бірден «Сергек: бақылау-өткізу пункті» қосымшасына келіп түседі.

«Жүк машинасының жүргізушісі сайтқа кіріп, кіру-шығу деректерін, көлік құралының нөмірін, ЖСН, тасымалданатын тауардың атауын, олардың саны мен маршрут бағыты көрсете отырып, өтініш толтыруы керек. Өтінімді беру үшін ЭЦҚ және басқа да қосымша ақпараттар керек емес» дейді әкім орынбасары.

Елордаға қандай тауарлар және қанша көлемде әкелінетіні туралы мәліметтер бірден қаланың Бас штабының дерекқорына келіп түседі. Нұр-Сұлтан қаласына ғана қатысты бұл тәсіл бюрократиялық кедергілерді азайтып, уақытты үнемдейтін көрінеді.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ