- Полиция қызметкерлері 250 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Сот 91 материал бойынша шешім шығарды. Соттың қарауында әлі 159 материал жатыр, -деді Архимед Мұхамбетов.
Режім тәртібін сақтамағандардың 18-і ескерту алса, 63 адамға әкімшілік айыппұл салынған, ал 7 азамат қамауға алыныпты. 154 тәртіп бұзушыға қандай шара қолданылатынын сот қарап жатыр. Олардың ішінде 22.00-ден кейін жұмысын тоқтатпаған 46 кәсіпкер, бетперде, қолғап пайдаланбаған 125 дүкенші, санитайзерсіз жұмыс істеген 53, азық-түлікті беті ашық күйінде сатқан 7 дүкен қожайыны бар. Бұлардың қатарында үй карантині талабын бұзған тағы 8 адам бар.
Облыс тұрғындары мен кәсіпкерлерді жалпыға бірдей міндет етілген тәртіп талаптарын сақтауға шақырған аймақ басшысы: - Мен кәсіпкерлерге, оның ішінде бірінші кезекте кафе, мейрамхана және адамдар көп шоғырланатын нысандардың қожайындарына ескерту жасаймын. Бұдан былай анағұрлым қатаң шаралар қолданылады, 15 күнге дейін қамауға алынуларыңыз мүмкін, - деді.
Қостанай облысы