Видео • 06 Сәуір, 2020

«Егемен»-нен - ертегі. Өсімдіктер мен кемпірқосақ

1119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өсімдіктер түске қалай ие болды?

«Егемен»-нен - ертегі. Өсімдіктер мен кемпірқосақ

Баяғы заманда жер бетіндегі өсімдіктердің барлығы тек жасыл түсті болыпты. Бір күні нөсер жауын жауып, олар қуанып, асыр салады. Жаңбырдың қалай басылғанын да байқамайды. Дүние әдемі болып кетеді. Кенет өсімдіктер жаңбыр тамшыларынан әдемі біреудің өздерімен бірге күліп, ойнап, қуанғанын көреді. Оның сұлулығына таңғалысып, абыр-сабыр болады. Осы кезде баклажан неге ренжіді? Алма қалай қуанды? Қарбыз неге әлі күнге дейін мұңайып жүр? Салтанат апа бүгін сіздерге өсімдіктер әлеміндегі таңғажайып құбылысты баяндап бермекші.

«Егеменнен» – ертегі» - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрымен» бірлескен жобасы. Egementv YouTube арнасынан күн сайын кешкі сағат 19.00-де беріледі.
Ертегіші: «Қуыршақ» театрының әртісі - Салтанат Мағзым;
Суретші-карикатурашы - Айдарбек Ғазиз;
Үйлестіруші - Ая Өміртай;
Түсірген және монтаждаған - Жанболат Кенжеғұл.