Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Әскерилер мен әскери полициясы қаланы бірлесіп күзетуді бастады

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау гарнизонының әскери қызметшілері полиция қызметкерлерімен бірге Ковид-19 әндетіне қарсы іс-шараларға тартылды. Олардың басты міндеті - қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті бақылау және қала тұрғындарының карантин ережелерін сақтауын қадағалау. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлады.

Әскерилер мен әскери полициясы қаланы бірлесіп күзетуді бастады

Атырау гарнизонының әскери қызметкерлері мен әскери полиция бөлімінің және облыстық полиция Департаментінің бірлескен патрулі күн сайын таңғы 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жүргізіледі. Күн сайын олар қоғамдық жерлерде бақылау жүргізіп, карантин режимінің ережелерімен таныстырумен айналысады. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық әскери қызметші қатысты.

Сонымен қатар, Әскери полиция бөлімінің қызметкерлері қалада күнделікті дезинфекция жүргізетін әскери техниканы ілестіріп жүруге және блок-посттарды бақылауға қатысады.

Әскери қызметкерлер Қарулы күштердің әскери қызметшілерін карантиндік шараларға қатысудың негізгі мақсаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау болып табылады, сонымен қоса әскери қызметшілер өздерінің орындап жатқан міндеттеріне түсіністікпен қарап, атқарылып жатқан жұмысқа қолдау көрсетулерін сұрайды.

Маңғыстау облысы