Экономика • 06 Сәуір, 2020

Алдағы күндері доллар 425-430 теңгеге дейін түсуі мүмкін бе?

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таң атқалы бері сарапшылар   «Соңғы күндері теңге неге  қымбаттады, бұл бағаны қанша уақыт ұстап тұрады?» деген сұраққа әр қырынан келіп, жауап беруге тырысып жатыр.   Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының   басқарушы директоры  Олжас Төлеуов  Tengenomika телеграммасында осы сұраққа жауап беріпті.

Алдағы күндері доллар 425-430 теңгеге дейін түсуі мүмкін бе?

Сарапшының  пікірінше, қазіргі баға уақытша. Теңгенің тағдыры ОПЕК + елдерінің кезекті бас қосуының  нәтижесіне байланысты.  Осы жиынға Бразилия, Канада, Норвегияның қатысуға ниет танытуы мұнайдың әлемдік бағасын  барреліне 33-34 доллар аралығында ұстап тұруға мүмкіндік берді.

«Осыған байланысты, теңге қымбаттады. 1 АҚШ доллары  438,8 теңгеге  дейін төмендеді.  Сонымен қатар, Brent бағасының баррелі үшін 40 долларға дейін өсуі мүмкін, ОПЕК + аясында  мұнай өндіруді қысқарту туралы жаңа келісімдерге қол жеткізілсе  1 АҚШ долларының бағасы  425-430 дәлізінде сақталады.   Алайда, келіссөздер сәтсіз болған жағдайда USD- KZT 445-448 белгісіне қайта оралуы мүмкін», деп жазды Олжас Төлеуов.