Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

М.Әйтенов Шымкенттегі перзентхананың құрылыс жұмысымен танысты

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық перзентханада жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

М.Әйтенов Шымкенттегі перзентхананың құрылыс жұмысымен танысты

Бүгінде медициналық ұйымға тиесілі 6 ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Мердігер компания сәуірдің соңында алғашқы 3 корпустың құрылысын бітіруді және 3 ғимараттың күрделі жөндеуін күзге дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы қаралған нысандағы жұмыстармен танысқан қала әкімі қанағаттанарлық деп баға берді.
Қазіргі таңда қалалық перзентхананың ескі ғимаратында қажетті ем-дом алуда. Жөндеу жұмыстары аяқталысымен жаңа бөлімге көшіріледі.

Нысан толықтай соңғы үлгідегі медициналық қондырғылармен жабдықталып, заман талабына сай жаңғыртылып жатыр. Құрылыс барасында қала әкімі ғимарат маңында автотұрақ мәселесін шешуді тапсырды. Қажет болған жағдайда қос қабатты ашық автотұрақ салуға болатынын айтты.

– Жалпы қалалық перзентханада жыл сайын 9 мың нәресте дүниеге келеді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнда жылына 10 мың ананың босануына мүмкіндік жасалатын болады, дейді перзентхананың бас дәрігері Мәдина Кенжебаева.

 
Шымкент