Қазақстан • 07 Сәуір, 2020

Қазақстанда ағынды суларды тазалау сапасын қалай арттыруға болады?

1033 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Адамның тіршілік әрекеті  нәтижесінде ағынды сулар көлемі жыл сайын артып келеді. Оларды тазарту мәселесі бірнеше онжылдықта пайдаланылатын кәріздік тазарту қондырғылар (КТҚ) арқылы шешіледі. Қазір олардың тозу деңгейі 60%-дан асып, экологияға теріс әсер етуде, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстанда ағынды суларды тазалау сапасын қалай арттыруға болады?

Ағынды суларды тазарту сапасының төмендігі судың экожүйесінің тозып, ластанған тұщы су көздері арқылы ауру таралуы сияқты күрделі проблемаларға әкеледі. Және мұндай мәселе тек Қазақстанға ғана тән емес. БҰҰ деректеріне қарағанда, өндірілетін ағынды сулар көлемі және олардың ластануы бүкіл әлемде үздіксіз артып келеді.

Қазақстанда өткен ғасырдың 50-жылдарында ірі қалаларда механикалық тазарту қондырғылары салынып, пайдалануға берілді. Оған дейін қалалық сарқынды сулар тазартылмаған сүзу алаңдарына немесе су объектілеріне жіберіліп келді.

Қазіргі уақыттаи ең алдымен су объектілері режимін ескере отырып, ағындарды тазартуды нормалау жүйесін оңтайландыру қажет. Осы мақсатта ағындарды тазарту сапасын нормалаудың ұлттық стандартын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі қолданыстағы нормалар кеңес заманында қабылданан. Ол Еуропадағы мөлшерден 6-8 есеге артық.  Сондай-ақ, КТҚ объектілерін жобалау кезінде олардың оңтайлы қуатын дұрыс анықтау маңызды.  Бұл үшін бірінші кезекте елді мекеннің су тұтыну мен су бұрудың ағымдағы және перспективалық теңгеріміне сапалы талдау жүргізу талап етіледі.

Қазір осы мәселені шешу үшін «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-мен бірлесіп, мемлекеттік кепілдікпен халықаралық қаржы ұйымдарынан ұзақ мерзімді несие тарту арқылы КТҚ салу және қайта жаңарту бағдарламасы әзірленді.

Несиені салынған және қайта жаңартылған КТҚ объектілерінің болашақтағы ақшалай түсімдері, қызметтің өзге түрлерінен түсетін кірістер, салық жүктемесін төмендету арқылы үнемдеу есебінен өтеу көзделеді. Оның артықшылығы - өңірлерде жобаларды іріктеу және іске асырудың басымдық өлшемдері, сондай-ақ қолданылатын материалдар, жабдықтар мен технологиялар бойынша техникалық саясатты әзірлеу тәсілдерінің бірыңғай жүйесінде.

Бағдарлама ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің төрағалығымен ХҚҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінде мақұлданды.

Бүгінгі таңда бірінші кезең бойынша ТЭН әзірленді (11 жоба), оның ішінде 5 жоба бойынша «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды. Экономикалық сараптама жүргізілуде. 6 жоба бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың сәуір айында шығады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, Еуропа қайта құру және даму банкімен және Азия даму банкімен бірлесіп, конкурстық құжаттаманы әзірлеу және тендерлік рәсімдерге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Күзде мердігерлерді анықтау, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және КТҚ салуға кірісу жоспарда бар. Бұл ретте жабдықты жеткізуші үшін іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу, сервистік және оқыту орталықтарын ашу- міндетті шарт.

Ұсынылып отырған шаралар КТҚ жүйелік проблемаларын шешуге және Қазақстанның сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, 2024 жылға қарай елімізде сарқынды суларды тазартумен 100% қамту жоспарлануда.