Елорда • 07 Сәуір, 2020

Елордада дін тақырыбында онлайн-лекция өтеді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығы діни сауалдар бойынша ақпараттық-түсіндіру дәрістерін 1 сәуірден бастап тікелей эфир арқылы жүргізуде, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.


Елордада дін тақырыбында онлайн-лекция өтеді

Тікелей эфир сағат 17:00-де орталықтың инстаграм желісіндегі @elorda_cipr парақшасында өтеді. 7 сәуір күнгі онлайн-лекцияны теолог Жандәулет Сүлейменов өткізеді.

Тақырып деструктивті діни ағымдар жайында өрбиді. Эфир барысында деструктивті діни ағымның қаупі және оның құрбаны болмау туралы сөз қозғалады. Көпшілік қауым өздерін толғандырған сауалдарға жауап ала алады.