Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Атырау: 1300 тұрғын тесттен өтті

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, атыраулық 1300-ге жуық тұрғынға коронавирус инфекциясына қарсы сынама тест жүргізілген.

Атырау: 1300 тұрғын тесттен өтті

«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жергілікті тұрғындар арасында коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін 1300-ге жуық ПТР тест жасалған. Covid-19 дертіне шалдыққандармен жақын байланыста болған барлық тұлғаға ПТР сынақтары жүргізіліп, тест қорытындысы теріс нәтиже көрсетті» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

ПТР тесттеріне негізделген диагностика – адам ағзасындағы коронавирус инфекциясын анықтауға арналған нақты әдіс. Сынама тест вирустың РНҚ фрагменттерін анықтайды.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ