-Қайырымдылық көрсету – халқымызға тән ізгілікті іс. Бұл – бір жағынан ауылдастарымызға қиын сәтте қолдау білдіру, екіншіден, кейінгі ұрпақты мейірімді болуға, ұлтқа қызмет етуге тәрбиелеу. Көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін округ әкімдері арқылы алып, оларға азық-түлік себетін жеткізіп бердік, - дейді кәсіпкер Әліл Жұбанов.
Кәсіпкер азық-түлік себетіне ұн, қант, макарон, күнбағыс майы, ет консервілері секілді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерін енгізген.
Жұмасат ҒАЗИЗ