Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Қостанай облысында коронавирус жұқтырған ерлі-зайыпты 2 адам анықталды

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Індет жұқтырғандардың біреуі 1990 жылы, екіншісі 2000 жылы туған. Екеуі де Тобыл қаласында госпитальда жатқан.

Қостанай облысында коронавирус жұқтырған ерлі-зайыпты 2 адам анықталды

Ерлі-зайыптылар бұған дейін коронавирус анықталған азаматшамен байланыста болған. Олар Мысырдан Алматы қаласына бірге ұшып келген. Алматыда жолаушылардан қан алынып, талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен.

Кейін олар пойызға мініп, Қостанай облысына жолға шығады. Артынша бір вагонда келген 12 адам түгелдей карантиндік госпитальға жатқызылған. Тауарлар және қызмет сапасын бақылау департаментінің мәліметінше, індет жұқтырғандардың жағдайы орташа. Екеуі де карантиндік госпитальдан инфекциялық бөлімге ауыстырылды.

Соңғы жаңалықтар

Халыққа жылу сыйлаған

Еңбек • Бүгін, 08:12

Бағаны өсіруге негіз жоқ

Инфляция • Бүгін, 08:03

Өңдеу өнеркәсібінде өсім бар

Саясат • Бүгін, 07:58

Жер берудегі заманауи формат

Саясат • Бүгін, 07:48

Фокус, команда және нәтиже

Саясат • Бүгін, 07:45