Спорт • 07 Сәуір, 2020

Сон Хын Мин Оңтүстік Корея әскеріне қабылданды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Корея мен Лондонның «Тоттенхэм» клубының жартылай қорғаушысы Сон Хын Мин өз елінде әскери борышын өтейді. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеді.

Сон Хын Мин Оңтүстік Корея әскеріне қабылданды

Клуб баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сон Хын Мин 20 сәуірден бастап Чеджу аралындағы әскери теңіз күштерінде үш апталық дайындықтан өтеді. Ол наурыз айының соңында Англиядан өз еліне оралып, бүгінде коронавирус пандемиясына байланысты 14 күндік карантинде жатыр.

Оңтүстік Кореядағы міндетті қызметін өтеп болған соң ол мамыр айында Лондонға оралады. Айта кетейік, Сон Хын Мин 16 ақпанда «Астон Виллаға» (3:2) қарсы өткен ойында қолын сындырып алған-ды. Сол уақыттан бері ол жарақатын емдеп жүрген болатын.