Сондай-ақ Исатай ауданындағы бір дәмхананың жұмысы шектеу шараларына байланысты бекітілген уақыттан тыс кезде де жалғасқан.
Ал, Атырау қаласындағы асханалардың бірінде де осындай өрескелдік анықталды. Бұл асханаға келушілердің арасында алкогольдік ішімдік ішкендер болған. Ащы судан дәм татып, назарға іліккен 6 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.
«Өйткені, олар қоғамдық орында мас күйде болғаны,е полиция қызметкеріне бағынбағаны үшін жауапқа тартылып отыр. Сондай-ақ, блокпосттарды айналып өтуге қатысты 10 дерек тіркелді. Қазіргі таңда 86 әкімшілік іс бойынша сот шешімі шықты. Ал, 22 әкімшілік іс қаралып жатыр» - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жұмасат ҒАЗИЗ