Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Маңғыстауда карантинді бұзған 45 тұлға анықталды

538 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Карантиндік режим шеңберінде жарияланған барлық шектеу іс-шаралары меншік нысанына қарамастан тұрғындар мен заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті, деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Маңғыстауда карантинді бұзған 45 тұлға анықталды

Төтенше жағдай хабарланғаннан бері Маңғыстау облысында төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап, төтенше жағдай кезінде карантиндік режим талаптарын сақтамағаны үшін 45 адам ӘҚБтК - нің 476 - бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 10-ына ескерту берілді және 26500 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды, 24-і 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды. Қазіргі уақытта 11 материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сонымен қатар азаматтардың құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбауы (ӘҚБтК - нің 667-бабы): - 106 мың теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салу; немесе 10 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алу түрінде жазаға әкеп соғады. Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді: 5,3 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салу; немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК 379-бабы).

Ақтау қаласының аумағына келу және кету тәртібі бойынша белгіленген шектеулерді бұзу да 10 АЕК (26 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 476-бабы). Мұндай құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы ішкі істер органдары немесе санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жасайды, ал істерді соттар қарайды.

1

Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының заңды ұйғарымдарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді (ҚР ӘҚБтК 462-бабы). Карантиндік стационардан бас тартқан немесе үйде оқшаулау (үй карантині) жөніндегі талаптарды сақтамаған адамдар медициналық мекемелерде күзетпен ұсталуы мүмкін. Мысалы, карантин кезінде карантиндік стационарда болған (14 күн) адамдарға карантиндеу орнын тастап кетуге рұқсат етілмейді, ал оқшаулау кезінде үйде оқшауланатын адамдарға (14 күн) халықтың жаппай жиналатын орындарына баруға тыйым салынады.

Карантиндік стационардан бас тартқан немесе үйде оқшаулау (үй карантині) жөніндегі талаптарды сақтамаған адамдарды сот 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің арнайы немесе медициналық мекемелерде күзетпен ұсталуы мүмкін екендігін хабарлаймыз. Мұндай құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы ішкі істер органдары немесе санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жасайды, ал істерді қашықтықтан соттар қарайды.

Айта кету керек, барлық шектеу шаралары уақытша сипатқа ие және инфекцияның таралуын болдырмау үшін ғана қабылданады.