Қоғам • 07 Сәуір, 2020

Бас мүфти Рамазанға дайындық жұмыстарын пысықтады

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы аппарат жиналысы өтті. Мәжіліске ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, бөлім меңгерушілері мен мамандары қатысты. Бұл туралы muftyat.kz сайты хабарлады.

Бас мүфти Рамазанға дайындық жұмыстарын пысықтады

Жиналыстың күн тәртібінде қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтау, биылғы пітір садақасының мөлшерін анықтау, садақа және зекет беру жүйесін оңтайландыру, жамағат тарапынан оразаға қатысты сұрақтарға дер кезінде жауап беру, т.б. мәселелер талқыланды.

«Рамазан – исі мұсылманның қасиетті айы. Біз ұлық айды үлкен дайындықпен қарсы алып, ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жоғары деңгейде өткізуіміз тиіс. Жұқпалы індетке байланысты жағдай тұрақталып, Жаратқан Жаббар Иеміз қасиетті айды жамағатпен мешітте қарсы алуды жазғай! Әмин!» деді ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиналыс соңында Бас мүфти Шариғат және пәтуа, Ақпарат және қоғаммен байланыс, Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушілеріне нақты тапсырмалар берді.