Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Маңғыстау: Төтенше жағдай талаптарына бағынбай жұмысын жүргізген сауна анықталды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері төтенше жағдай режимі талаптарына қарамастан өз қызметін жалғастырған саунаны анықтады, деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау: Төтенше жағдай талаптарына бағынбай жұмысын жүргізген сауна анықталды

Сонымен 06.04.2020 жылы сағат 23:23-те профилактикалық іс-шаралар барысында су процедураларын қабылдап, бильярд ойнай отырып, спирттік ішімдіктерді қолданып, барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамай, уақытты «тамаша» өткізген 5 адамнан тұратын жастар тобы анықталды. Отырғанның еш біреуі қаладағы карантин туралы естімеген деген пікір қалыптасты.

Мекеме әкімшісіне Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, келушілер де осы бап бойынша жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады. Кейбір азаматтардың жауапсыздығының деңгейі таң қалдырады, олар бүгінгі күні өмірлік маңызды талаптарды елемей, өз денсаулығына ғана емес, айналадағы адамдардың өміріне де қауіп төндіреді.

Біз тұрғындарға мен қонақтарына осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылатыны туралы ескерткіміз келеді және бізге келіп түскен әрбір ақпаратты тексереміз, делінген аталған ведомство жолдаған хабарламада.