Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Карантин: Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттік қызметті сырттай форматта ала алады

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің МО бойынша департамент басшысы Арман Елдесов мәлімдеді.

Карантин: Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттік қызметті сырттай форматта ала алады

Төтенше жағдай режимінің қолданылу кезеңінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне бармай, «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін сырттай форматта алу тетігін әзірледі.

Қызмет «Электрондық үкімет» порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін азамат қажетті құжаттардың сканерленген нұсқасымен қоса тиісті стандартқа сәйкес өтінішті толтыруы тиіс. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет.

Бұдан әрі өтініш көрсетілген қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаментіне жіберіледі.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізілгеннен кейін оның нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға sms-хабарлама арқылы, «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетке немесе «Электрондық өтініш» сервисі арқылы келіп түскен өтінішке жауап түрінде жіберіледі.

Айта кету керек, төтенше жағдай кезеңінде медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне қайта куәландыруға келмеген азаматтарға өткізіп алған кезеңіне 2020 жылғы 16 ақпаннан бастап мерзім белгіленетін болады. 

Егер қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдайдан бір ай бұрын (16 ақпанға дейін) немесе сол уақытта келген болса (16 наурыздан кейін), онда мерзімдер төтенше жағдай кезінде автоматты түрде ұзартылады.

Бүгінгі таңда наурыз айында 268, сәуір айында 672 мүгедектік алушының мүгедектік мерзімдері автоматты түрде ұзартылды.