Израиль тарапынан Петах-Тиквадағы «Бейлинсон» ауруханасы Анестезиология бөлімшесінің басшысы, Тель-Авив университетінің медицина факультетінің профессоры Леонид Эйндельман мен коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсететін осы аурухананың ішкі аурулар бөлімшесінің басшысы д-р Е.Берков қатысты.
Ал онлайн конференцияға Қазақстан тарапынан Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов, Инфекциялық емес аурулардың алдын алу департаментінің директоры Арыстан Молдажанов, еліміздің медицина университеттерінің, өңірлік Денсаулық сақтау басқармаларының және медициналық мекемелердің өкілдері сияқты 278 адам қатысып, коронавирустық инфекция кезінде олардың диагностикалау, емдеу, қарқынды терапия тәжірибесі туралы бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды.
Ұйымдастырушылар коронавирусқа қарсы күрес кезінде мұндай тәжірибе алмасуға арналған онлайн-кездесулер жиі болатынын жеткізді.