Қазақстан • 07 Сәуір, 2020

Қазақстан ОПЕК+ министрлер вебинарына қатысады

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің келіссөздері 9 сәуірде бейнеконференция арқылы өтеді.

Қазақстан ОПЕК+ министрлер вебинарына қатысады

Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындай отырып, әрдайым сындарлы диалогты қолдайды.

Алдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенеміз.

Бұл ретте, әлемдік мұнай нарығында байқалатын теңгерімсіздік тек ОПЕК+ елдерінің ғана күш-жігері жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр, қалыптасқан  жағдай нарықтың барлық қатысушыларының белсенді қатысуын қажет етеді.