Экономика • 08 Сәуір, 2020

Экспорттаушы компаниялар локомотив болады

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде нарықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Осы ретте Мемлекет басшысы экспорттық бағыттағы компанияларды қолдауға тапсырма берді. Олар дағдарыстан кейінгі кезеңде біздің локомотивіміз болады.

Экспорттаушы компаниялар локомотив болады

Қазақстан азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында ЕАЭО елдері сияқ­ты ма­ңызды азық-түлік тауар­ларының экспортына тыйым салды. Алай­да қалған тауарлар бойынша экспортқа бөгет жоқ.

Әлемдік сауда өзгерген және дәстүрлі жабдықтау тіз­бегі бұзылған тұста біздің өндіру­ші­лерге жаңа нарықтарға қол жет­кізу мүмкіндігі туды. Сонымен бір­ге Сауда және интеграция минис­тр­лігі де кәсіпкерлерге барынша көмек көрсетуде. Яғни, қолданыстағы бағыттар бойынша логистикалық (шекаралық шек­теулерді ескере отырып) көмек көрсету, сондай-ақ жаңа на­рық­тарды игеру көзделген. Біздің экспорттық тауарлардың өзін­дік құнын төмендету үшін да­йын өнімді тасымалдау шығын­дарының 50%-ына дейін өтеледі.

Орта компанияларды қолдау мақсатында экспорттық акселерация бағдарламасы іске қосылды. Бұл кәсіпкерлерге экспорттық мәселелерде консультация ғана емес, әлсіз және күшті жақтарды терең талдау, сараптамалық баға­лау және экспортқа шыққанға дейін толық сүйемелдеуді тегін не­гізде алуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, экспорттаушылар­ды қолдау саясаты тоқтаған жоқ.

 

Азамат АСҚАРҰЛЫ,

Сауда және интеграция министрінің орынбасары