Швейцарияның шайбалы хоккей тарихында оның есімі алтын әріптермен жазулы. Роджер өз елінің ұлттық құрамасы сапында 101 ойын өткізіп, 1964 жылы Олимпия ойындарында және үш әлем чемпионатында бақ сынады. Талай маңызды матчтарда өз командасын өрге сүйреп, жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосты.
Биыл күзде 80 жылдық мерейтойын тойлағалы отырған Роджер Шаппо 20-23 наурыз аралығында ауруханада ем-дом алды. Сырқаттың беті бері қарағаннан кейін үйіне қайтарылды. Алайда сәуір айының басында қарияның жағдайы қайта нашарлап, жансақтау бөліміне түсті. Сол жерде бір аптадай жатқан ол қайтыс болды.