Спорт • 08 Сәуір, 2020

ММА: UFC-ді сынға алды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі промоутер Эдди Хирн коронавирус дертінің өршіп тұрғанына қарамастан ережесіз жекпе-жектен жарыс өткізгелі жатқан UFC басшыларын сынға алды.

ММА: UFC-ді сынға алды

Талай мықты боксшыларға қолдау көрсетіп, кәсіпқой рингте толағай табыстарға қол жеткізуіне ықпал етіп жүрген британиялық промоутер, бизнесмен, заңгер Эдди Хирн: «Олардың бұл әрекеті ақылға сыймайды. Күллі әлем коронавирус деп дүрлігіп жатқанда жарыс өткізудің не қажеті барын түсінбедім. Оның үстіне бұл жобаға әйгілі ESPN арнасы қызығушылық танытып отыр. Оларға керегі рейтинг пен ақша ғана. UFC-дің басшысы Дана Уайттың да көздегені сол», - деп өз ойын ашық айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, 18 сәуірде UFC компаниясы ережесіз жекпе-жектен дүбірлі дода ұйымдастырғалы отыр. Сол жарыстың басты бәсекесінде жеңіл салмақтағы АҚШ-тың қос мықтысы – Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи күш сынасады.