Бокс • 08 Сәуір, 2020

Бүгін Геннадий Головкиннің туған күні

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің туған күні, 38 жасқа толды.

Бүгін Геннадий Головкиннің туған күні

Ол 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Әуесқойлар арасында әлем чемпионы, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, кәсіпқой бокста IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. 

The Ring журналының нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшы (2017 жылдың 27 қыркүйегі - 2018 жылдың 15 қыркүйегі) атанған. WBA, WBC және танымал Boxingnews24.com басылымының нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы болды. 

Геннадий Головкин жекпе-жегінің көбін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ол орта салмақта титулдарын 20 рет сәтті қорғап, Бернард Хопкинстің рекордын қайталады. 

Биыл қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуі мүмкін. БАҚ-та хабарланғандай, тараптар трилогияның қаржылық шарттарын ауызша келіскен. Инсайдерлердің мәліметі бойынша, кездесу 12 қыркүйекке жоспарланған.