АҚШ қор биржасының индекстері сауда сессиясының басында 0,8-2% өсті. Батыс еуропалық қор индекстері 6 сәуірмен салыстырғнада 2,5% өсті. Биржа ойыншылары бір апта ішінде Италиядағы өлім-жітім санының 20 пайызға, ауруханаға жатқызылғандардың саны 90 пайызға төмендегенін айтып отыр. Германиядағы өнеркәсіп өндірісінің динамикасы туралы соңғы мәліметтер де оң.
Мәскеу уақытымен 18.14-те еуроның айырбас бағамы алдыңғы фиксингпен салыстырғанда 0,9% өсті және 1,0888 долларды құрады.
Сарапшылар әлемдік қор биржаларында сейсенбі, 7 сәуір күні кешке қор индекстері жоғарылағанын айтып отыр. Бұл фактор бүгінгі КАСЕ-дегі ойын ережесіне де ықпал ететіні анық. Басқаша мүмкін емес.