Әлем • 08 Сәуір, 2020

Ресей Орталық банкінің төрағасы банктерден несиелендіруді қысқартпауын талап етеді

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ресейдегі Орталық банк төрағасы Эльвира Набиуллина банктерге өздерінің пайдасы туралы емес, нарықтық жағдайды қалыпқа келтіру туралы ойлануды ескертті» деп хабарлайды «Коммерсант» басылымы.

Ресей Орталық банкінің төрағасы банктерден несиелендіруді қысқартпауын талап етеді

Ресейдегі №1 банкирдің мұндай   мәлімдемесі «Альфа-Банк» сәуірден бастап пандемиядан зардап шеккен салалардың қызметкерлеріне ипотекалық несие беруді тоқтата тұрғаны туралы ақпараттан кейін пайда болды.  

«Ресей Банкі адамдарға және компанияларға қолдау көрсету, оларға шектеулі шаралар кезеңінен оңай өтуге мүмкіндік беретін шаралар қабылдады», деді  Орталық банк төрағасы.

«Коммерсант»  Набибуллина ханымның бұл сөзін банктің баспасөзі таратқан хабарламасына сілтеме жасай отырып қолданғанын айтыпты.  

Набибуллина ханымның айтуынша мұндай шара банк табысын қорғау үшін емес, несиелендіруді қолдау және адамдар мен бизнеске келетін індет зардаптарын азайту үшін енгізілген.

Осыған дейін Альфа-Банк COVID-19 коронавирус пандемиясынан зардап шеккен салаларда жұмыс істейтін қарыз алушыларға несие беруді, оның ішінде ипотекалық несие беруді уақытша шектеді. Банк бұл шешімін клиенттерді ықтимал тәуекелдерден қорғау деп түсіндірді.

Бұл шектеулер туризм, мейманхана және мейрамхана бизнесіндегі жұмысшыларға әсер етті.