Спорт • 08 Сәуір, 2020

«Реал» Роналдуды қайтаруға құштар емес

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Испания Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген Мадридтің «Реалы» өздерінің бұрынғы жұлдызды ойыншысы Криштиану Роналдуды командаға қайтаруға аса құштар емес.

«Реал» Роналдуды қайтаруға құштар емес

Корольдік клубтың президенті Флорентино Перес португалиялық футболшының «Реалға» сіңірген ерен еңбегін атап өте келе, енді оны Пиреней түбегіне қайтаруды маңызы жоқ екенін тілге тиек етті. Перес мырзаның айтуынша, Роналдудың дәуірі өтті, ал команда алдында басқа мақсат тұр. 

Әлемдік футболдық шоқ жұлдызы Криштиану Роналду 2009-2018 жылдар аралығында өнер көрсетті. Сол аралықта «Реал» толағай табыстарға қол жеткізіп, көптеген биік белестерді бірінен кейін бірін бағындырды. Мадридтік команданың сапында 292 ойын өткізген айтулы сұрмерген 311 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

2018 жылдың жазында Роналду «Реалдан» Италияның А сериясында өнер көрсетіп жүрген «Ювентуске» ауысты. Сол кезде сұрмерген 112 миллион евроға бағаланды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше