Парламент • 08 Сәуір, 2020

Мәжіліс сайлау және саяси партияларға қатысты заң жобаларын талқылауды бастады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Парламент Мәжілісіне Конституциялық заң жобасы келіп түсті. Бұл заң жобасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді» деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров палатаның жалпы отырысында.

Мәжіліс сайлау және саяси партияларға қатысты заң жобаларын талқылауды бастады

Осы орайда ол құжаттың мақсаты әйелдер мен жастардың қоғамдық саяси процестерге қатысуын ынталандыруға негізделгенін атап өтті.

«Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылғы 27 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын» деді Н. Әбдіров.

Сонымен қатар Парламент Мәжілісі «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша талқылау жұмыстарын бастады.

«Бұл заң жобасы да Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын орындауға бағытталған. Құжаттың басты мақсаты – сапалы партиялық жүйені құру, саяси партияларды тіркеу талаптық шегін төмендету. Сондай-ақ заң жобасы жаңа саяси партиялардың пайда болуына жағдай жасауға және әйелдер мен жастардың саясатқа белсенді келуін ынталандыруға бағытталған. Комитет аталған заң жобасы бойынша 2020 жылғы 27 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын» деді Нұрлан Әбдіров.