Елбасының тапсырмасы бойынша, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» акциясы аясында Nur Otan партиясы мен Тұңғыш Президент қоры коронавируспен күрес жағдайында тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға қаржы бөлген еді. Меценаттар, кәсіпкерлер мен белсенді азаматтардың қолдауының арқасында еліміздің барлық аймақтарында бүгінге дейін 30 мың отбасыға, оның ішінде жалғызбасты қарттарға, ерекше қажеттілігі бар және т.б. азаматтарға көмек көрсетілді. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек facebook-парақшасында жазды.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры өткен аптада 150 мыңнан астам мұқтаж азаматқа 50 мың теңге мөлшерінде тікелей ақшалай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бұлар негізінен карантин қиындықтарын көбірек шегіп жатқан 23 ірі қаланың тұрғындары. Әкімдер мен әлеуметтік қорғау органдары ұсынған көмек алушылар тізімдерінде табыс деңгейі ең төмен әлеуметтік әлсіз топтардан құралған азаматтар қамтылған.
Материалдық көмек ақшаны екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке тұлғаның карта немесе ағымдағы шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы көрсетіледі. Сонымен бірге, материалдық көмек көрсеткен кезде банктік комиссиясыз және егер азаматтардың несиелік қараздары болған жағдайда, бұл қаражатты сол қарызды төлеу үшін ұстап қалмау мәселелері қарастырылды» деп жазды Бауыржан Байбек.
Сондай-ақ партия Төрағасының бірінші орынбасары бүгін-ертең 50 мың теңге көлеміндегі біржолғы төлемді індет жұқтырғандардың 70%-ке жуығы шоғырланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының 2 мыңнан астам дәрігерлері де алатынын жеткізді. Бұған дейін «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына тегін тарату үшін 5 миллион маска сатып алу туралы шартқа қол қойылған.
«Жалпы бүгінге дейін «Birgemiz» қоғамдық қорының есепшотына 14 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. Осындай күрделі кезеңде Елбасы бастамасына қолдау білдірген барлық меценаттарға тағы да алғысымды білдіремін. Жиналған қаражат және өңірлер бойынша бөлінген көмек туралы ақпаратты бақылап отыру үшін birgemiz2020.kz ресми сайты ашылды» деді Б.Байбек.
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 09:52
16 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:47
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:42
16 тамызға арналға ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған
Коронавирус • Бүгін, 09:30
ХҚКО өкілдері мүгедектерге мемлекеттік баж салығын төлеткен
ANTIKOR • Бүгін, 09:22
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 09:13
1453 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өткен тәулікте 789 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұлттық спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Цинциннатидегі турнир басталды
Спорт • Бүгін, 08:38
Ұқсас жаңалықтар