Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Қызылорда облысында қылмыс азайды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес төтенше жағдай режимі кезінде Қызылорда облысында қоғамдық тәртіпті сақтау қатаң бақылауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысында қылмыс азайды

Стратегиялық маңызы бар объектілерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Адамдар көп жиналатын орындардың, түрлі қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды.

Ойын-сауық, спорттық және басқа да iс-шараларды өткiзуге тыйым салынды.

Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында қосымша Ұлттық гвардия сарбаздары жұмылдырылды.

Төтенше жағдай кезеңі жарияланғаннан бастап облысымызда қылмыстылық ахуал тұрақты.

Төтенше жағдай жарияланған 16-шы наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін барлығы 341 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 43%-ға азайған (603/341).

Оның ішінде меншікке қарсы жасалатын қылмыстар 65%-ға төмендеген, яғни ұрлық 60%-ға, тонау 20%-ға, қарақшылық 50%-ға төмендесе, қоғамдық орындарда жасалатын бұзақылық қылмыстары 67%-ға азайған.

– Зорлау және ауыр дене жарақатын салу қылмыстары тіркелмеген. Басты мақсат - төтенше жағдай кезінде қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу, – делінген облыстық прокуратура таратқан ақпаратта.