Коронавирус • 08 Сәуір, 2020

Коронавирус: Жаңаөзен қаласында бір науқас тіркелді

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облысының ақпараттық қызметі хабарлады. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2020 жылдың 8 сәуірінде Жаңаөзен қалалық ауруханасының провизорлық бөлімінде күдікті бір науқаста COVID-19 анықталды.

Коронавирус: Жаңаөзен қаласында бір науқас тіркелді

Науқас 1974 жылы туған Жаңаөзен қаласының тұрғыны, ол дене қызуы көтеріліп, жедел-жәрдем көмегіне жүгінген. Қан талдамалары алынып, індеттің белгілері анықталды. Науқасқа қажетті зертханалық және диагностикалық тексерістер жүргізілген соң, инфекциялық бөлімінің бокс палатасына ауыстырылды. Дәрігер-мамандар (инфекционист, реаниматолог, терапевт) материалдық техникалық құралдары және жеке қорғаныш құралдарымен толыққанды қамтылды.

Қазір инфекция анықталған ошаққа және оның аумағына дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Байланыста болғандар санын анықтау бойынша эпидемиологиялық тексерістер мен іс шаралар жүргізіліп жатыр. Науқастың қайда жұмыс істегені, кімдермен байланыста болғаны анықталып жатыр. Жаңаөзен қаласы бойынша бүгінгі таңда карантиндік стационарда – 9 азамат, үй карантинінде - 23 азамат бақылауда.

Сонымен Маңғыстау облысында індет жұқтырғандар саны 6 адамға жетті.

 

 

Маңғыстау облысы