43 жастағы миллиардер індетке жұмсаған бұл қаражатын “Square” компаниясына қосқан үлесін сату арқылы орнын толтырмақ көрінеді. Онымен қоймай Ж.Дорси мырза алдағы күндері мұндай жомарттықты тағы да танытам дейді. Яғни, ол қаржыны COVID-19 беті қайтқан соң осы дерттен зардап шеккен әйел адамдардың денсаулығын түзеуге бағыттамақ.
Қазіргі таңда твит қожайыны сияқты технология саласының байлары COVID-19 күреске көмек көрсете бастады. Атап айтқанда, фэйсбүүк қожайыны Марк Зукербэрг 30 млн доллар, Амазонының атқарушы директоры Жефф Безос 100 млн доллар қаражатын АҚШ-тың індетпен күрес қорына аударса, Apple компаниясының атқарушы директоры Тим Күк індеттің ірі ошағына айналған Италияға медицина құрал-жабдықтарын алып беруге кіріскен.