Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Коронавирус: Маңғыстауда 20 ақпаннан бері 1291 вирусологиялық тексеріс жасалған

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облысының ақпараттық қызметі хабарлады.

Коронавирус: Маңғыстауда 20 ақпаннан бері 1291 вирусологиялық тексеріс жасалған

2020 жылғы 20 ақпаннан бастап облыста КВИ бойынша 2167 азамат мониторингке алынып, 1863 азамат бақылаудан шығарылды.

«Маңғыстау облысы бойынша 1291 вирусологиялық тексерістер жасалып, соның 6-нан коронавирус індеті анықталды. 2020 жылдың 8 сәуірі сағат 08:00 жағдайы бойынша:

 1) Провизорлық стационарда – 57 күдікті науқас

2) Обсервациялық (карантиндік) стационарда – 30 азамат

3) Медициналық бақылауда үй карантинінде (телефон байланыста) – 368 азамат.

Медициналық ұйымдарда азаматтардың деректерін іздеу, қоңырау шалу және тексеру жұмыстары жалғасуда. Облыс бойынша госпитальдардың жалпы сыйымдылығы:

1) Обсервациялық станционар – 810 (резерв - 330).

2) Провизорлық станционар – 316.

3) Инфекциялық станционар – 70.

Сонымен бірге инфекциялық бөлімді 135-орынға көбейту мақсатында, бос тұрған ғимаратқа жөндеу жұмыстарын бастап, хирургиялық, акушер-гинекологиялық және сол жерде, ҚР ДСМ тапсырмасына сәйкес, ауыр жағдайдағы науқастарға арнап интенсивтік терапия орталығын ашу жоспарланды.

Қазіргі таңда дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткілікті.

 

Маңғыстау облысы