Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Маңғыстау: АӘҮ 42500 теңгені алуға жолданған 6626 мыңнан астам өтінішті өңдеді

383 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Маңғыстау облысы филиалының  әлеуметтік блогы 42500 теңгені алуға жолданған 6626 мыңнан астам өтінішті өңдеді, 31 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны, АӘК пен әлеуметтік көмекті қоса алғанда, жылдық мәнде 10% индексациялауды тапсырған болатын деп хабаралйды аталған филиалдың баспасөз қызметі.

Маңғыстау: АӘҮ 42500 теңгені алуға жолданған 6626 мыңнан астам өтінішті өңдеді

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға 1 ЕТЖ немесе 42 500 теңге төлеуді тапсырды. Болжам бойынша, қолдау үшін 3 миллионға жуық қазақстандық өтініш білдіруі мүмкін.

Мемлекет басшысының шұғыл тапсырмасын орындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Әлеуметтік блогының қызметкерлеріне жүктеме 4 есеге артты. «Азаматтарға арналған үкіметтің» Маңғыстау облысы бойынша филиалының ұжымы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін, Президенттің қайта есептеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында онлайн қызмет көрсетуге кірісті. Филиалдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жұмысқа филиалдың әлеуметтік блогының 64 қызметкері жұмылдырылған.

- Жұмыс кестесі таңғы сағат 8.00-ден басталып 22.00-ге дейін, кейде одан да ұзаққа созылуда. Олар азаматтардың өтініштерін қабылдайды, тексереді және уәкілетті органға жібереді. Әлеуметтік сақтандыру жөніндегі мемлекеттік қордың (ГФСС) растауынан кейін құжаттарды төлем жасау үшін базаға енгізеді. Бүгінде дейін республика бойынша келіп түскен 1 миллион 200 мыңға жуық өтініштің 6463 мыңнан астамы Маңғыстау облысының  үлесінде. Филиал қызметкерлері оларды өңдеп, төлем жасауды қамтамасыз етуде, - дейді филиал директоры Ербол Байжігіт.

«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы бойынша филиалы қазіргі таңда толығымен онлайн қызмет көрсетуге көшті. Қызу желі бойынша жалпы саны 105 оператор қоңырау қабылдап отыр. Олардың ішінде 88 менеджер қашықтан тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, бейнеқалау арқылы онлайн түрде қажетті құжаттарын рәсімдеуге көмектесуде. Жалпы облыс бойынша күніне 7000-ға жуық қоңырауға жауап берілді.

 

 

Маңғыстау облысы