Қазақстан • 08 Сәуір, 2020

Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары медициналық бұйымдар шығаруды игеруде

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұдан бұрын хабарланғандай, еліміздің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары CОVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын жоюға бағытталған жалпы мемлекеттік іс-шараларға жұмылдырылған деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары медициналық бұйымдар шығаруды игеруде

Бірқатар өндіріс төтенше жағдай шеңберінде өткізілетін іс-шараларға қажетті бұйымдар мен құрылғыларды - автомобиль кедергілері, тоннель дезактиваторлары, медициналық бетперделер, антисептиктер және басқа да бұйымдар шығаруды жолға қойды.

Медициналық бұйымдарды (респираторлар, пластикалық бетперделер, тыныс алу құрылғыларының ұштықтары мен түтіктері, медициналық ұстағыштар және т.б.) өндіру үшін 3D принтерлерді пайдаланудың әлемдік тәжірибесін ескере отырып, «Алматыэнергосервис» ЖШС кәсіпорнының өнеркәсіптік мүмкіндіктері іске қосылды. Бұйымдардың сынамалық партиясы медициналық мамандарға сынауға берілді.

Жылжымалы медициналық зертханалар мен бактериологиялық жабдықтармен және медициналық инфрақұрылыммен жабдықталған тез тұрғызылатын медициналық модульдік кешендердің өткізгіштігі жоғары жүк автомобильдері базасында дайындау үшін тактикалық-техникалық тапсырмалар әзірленуде. «Камаз-инжиниринг» АҚ мен «Мидивисана-инжиниринг» АҚ кәсіпорындары өндіріске кіріседі.

Коронавирусқа байланысты қалыптасқан жағдайда Көкшетаудағы «Тыныс» АҚ зауытының өнімдері – өкпені жасанды желдетудің мобильді аппараттарына сұраныс артты. ӨЖЖ аппараттарын шығаруды арттыру мақсатында тәулік бойы өндіріс жұмысы ұйымдастырылды.

«Тыныс» АҚ кәсіпорнының «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ өндірісті оқшаулау есебінен ӨЖЖ аппаратының құрамына кіретін тораптар мен бөлшектердің 498 бірлігі шығарылады.