Спорт • 08 Сәуір, 2020

Жеңіл атлетика: Олимпиадаға іріктеу турнирлерін уақытша тоқтатты

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы 2020 жылдың 6 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында өтетін Олимпиадаға іріктеу турнирлерін тоқтатты. Бұл туралы шешім Спортшылар комиссиясы және аймақтық ұйым президенттерімен келісілген соң қабылданды деп жазады Olympic.kz.

Жеңіл атлетика: Олимпиадаға іріктеу турнирлерін уақытша тоқтатты

Осы уақыт аралығында қандай да бір жарыстарда тіркелген нәтижелер Токио-2020 ойындарына ұпай бермейді және әлемдік рейтингтерге енбейді.  Әлемдегі жағдай реттелген соң Олимпиадаға іріктеу турнирі 2020 жылдың 1 желтоқсанынан басталады. Сондай-ақ 2021 жылғы Олимпия ойындарына дейін жалғасады.

«Мен осындай қиын кезеңде жұмыс атқарған баршаңызға рахмет айтамын. Олимпиадаға іріктеу турнирінің уақытша тоқталуы спортшылардың жаңадан күш жинауына көмектеседі. Қазір бар әлем шекарасын қымтап жатқан шақта турнир өткізу қиын», дейді федерация басшысы Себастьян Коэ.