Коронавирус • 08 Сәуір, 2020

Коронавирус: Денсаулық сақтау министрлігі WhatsApp-та ресми чат-ботты іске қосты

708 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің Цифрландыру кеңсесі коронавирус (COVID-19) жайлы халықты ақпараттандыру үшін WhatsApp желісінде ресми чат-ботты іске қосты. Онда коронавирусқа қатысты өзекті әрі шынайы ақпарат тегін ұсынылады.

Коронавирус: Денсаулық сақтау министрлігі WhatsApp-та ресми чат-ботты іске қосты

WhatsApp-тағы ресми арна арқылы ел тұрғындары аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат короновирус жайлы жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала алады. 

Денсаулық сақтау министрлігінің WhatsApp чат-ботын қолдану үшін:

  1. +7 705 812 69 67 нөмірін телефоныңызға сақтаңыз немесе https://wa.me/77058126967 сілтемесіне өтіңіз;
  2. ақпарат алу үшін WhatsApp-та аталған нөмірге кез-келген мәтінді хабарлама жіберіңіз;

Сонымен қатар ресми нөмір ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында www.dsm.gov.kz жарияланады.

WhatsApp-тың бас операциялық директоры Мэтт Идеманың айтуынша, осы қиын күндерде адамдар жақындарымен, достарымен байланысып, қолдау көрсету үшін WhatsApp-ты әдеттегіден көбірек қолдануда.

«Біз Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне байланыстың жаңа тәсілін ұсына алғанымызға қуаныштымыз. Жаңа жүйе азаматтардың сауалдарына тез жауап беріп, жалпыға ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», дейді ол.

Ресми чат-бот WhatsApp Business API-дің ресми сервис-провайдері Infobip компаниясымен бірлесіп дайындалды. Infobip байланыс платформасын ұсынды, ал компания қызметкерлері қысқа мерзім ішінде чат-ботты әзірлеп, іске қосуға қолдау көрсетті.

«Бүгінде жауапкершілігі бар кез-келген бизнес қолда бар мүмкіндік пен инновацияны COVID-19 пандемиясына қарсы қолдану туралы ойлану керек. Қолданушыларға ыңғайлы арналар арқылы ақпаратқа қолжетімділікті ұйымдастыру мекемелер үшін негізгі қажеттіліктің бірі. Ағымдағы жағдайда ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды міндетке айналып отыр», дейді Infobip компаниясының Орталық Азиядағы аймақтық директоры Искандер Қалыбеков.

Әлемнің бірқатар денсаулық сақтау министрліктері халықты коронавирус туралы ақпараттандыру үшін WhatsApp арнасын қолданады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы, Сингапур үкіметі, Израиль мен Оңтүстік Африканың Денсаулық сақтау министрліктері, Индонезияның ақпарат және коммуникациялар министрлігі соның қатарында.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51