Коронавирус • 08 Сәуір, 2020

Үй жануарынан вирус жұға ма?

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың вирусы пайда болғалы оны жан-жануарлар да жұқтырғаны тіркелген. Мысалы, Нью-Йорк зоопаркінде жеті жыртқыш – төрт жолбарыс пен үш арыстан ауырған. Аурудың алғашқы белгілері аңдарда жөтелден басталған.

Үй жануарынан вирус жұға ма?

Эпидемия басталғалы ит пен мысықтың де вирус жұқтырғаны анықталған. Гонконгта коронавирус жұқтырған жалғыз ит емделгеннен кейін өліп қалған. Бельгияда аяқ астынан қызуы көтерілген мысықты тексерген кезде оның вирус жұқтырғаны белгілі болған. Дәл осындай жағдай Қытайда да кездескен.

Жануарлар ауруды өз қожайынынан немесе көшеден жұқтырған.    Сондықтан Британияның ветеринарлары адам вируспен ауырып, карантинге алынса, онда үйдегі жануарларды да бөлек ұстау керектігін ескертеді.  

Кейбір сарапшылар үй жануарларынан адамға вирус жұғуы мүмкін деген пікірді айтып қалып жүр. Бірақ бұған ешқандай да дәлел жоқ әзірге. Дегенмен де мамандар ит, мысық ұстайтын адамдарға сақ болуға шақырады. Жануарлар вирус тасымалдаушы болмағанымен, жүнінде вирус жабысып жүруі мүмкін. Сондықтан жануарларды ұстағаннан кейін гигиена талаптарын сақтап, қолды сабындап мұқият жуған жөн.

 

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ