Руханият • 08 Сәуір, 2020

Театрдың онлайн тартуы

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин кезінде балалардың рухани білімін арттыру үшін қазақстандық театрлар арнайы онлайн жобаны іске қосқан еді. Елорда театрлары да бұл жобаға белсене қатысып, кішкентай көрермендерге үздік туындыларын ұсынып жатыр.

Театрдың онлайн тартуы

Нұр-Сұлтандағы М.Горький атындағы орыс драма театры әр сәрсенбі, жұма күндері сағат 11.00-де GORKY FM радиостансасы арқылы әлемнің жауһары саналатын көркем туындылар жөнінде сыр шертуді әдетке айналдырған. Радиохабар барысында театрдың талантты актерлері мектеп бағдарламасына енген көркем шығармалардан үзінді оқиды.

Театр ұжымы 10 сәуір күні, сағат 10.00-де  Ханс Кристиан Андерсеннің «Қар патшайымы» ертегісін сахналамақ. Кішкентай көрермендер бұл ертегіні тікелей көрсетілім арқылы YouTube каналынан тамашалай алады.

Сондай-ақ, өнер ордасының мектеп оқушыларына арналған тағы бір тартуы – әдебиет пәнінен арнайы курстар легі. 11 сәуірден бастап, апта сайын YouTube каналынан көрсетілетін онлайн-жобаны республикалық физика-математика мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Лаура Ильясова жүргізеді. Алғашқы онлайн-сабақ А.Пушкиннің повесіне арналатын болады.

 

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ