Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Баянауылда кәсіподақ ұйымдары көмекке келуде

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының басшысы Айнагүл Жанатқызының айтуынша, елімізде  Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты «Біз біргеміз» шарасына аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы да қосылған.

Баянауылда кәсіподақ ұйымдары көмекке келуде

Індет эпидемиясының таралмауына орай кәсіподақ тарапынан тұрмысы  төмен отбасыларға, жалғыз басты  ардагер ұстаздарға, науқастанып жатқан адамдарға, мүгедек және жалғыз басты адамдарға көмек көрсетілуде.

Әрқайсысына ақшалай, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен жеткізілуде. Қайырымдылық шарасына қатысқан Егіндібұлақ ауылы мектебінің, Бекен Хайдаров, Зейтін Ақышев,  С.Торайғыров атындағы мектептердің бастауыш кәсіподақ ұйымдары есебінен I, II топтағы мүгедек  балалар мен мен оларды бағатын ата-аналарына 35000 мың теңге ақшалай көмек берілген.

Ал, аудан орталығы Баянауылдағы орта мектеп, Ж. Аймауытов атындағы мектеп онкологиялық  ауруы бар науқастарға 50 мың, Шадыра, Ақши Жайма, Лекер, Майқайың мектептерінің кәсіподақ ұйымдары аз қамтамасыз етілген отбасыларына, ардагер ұстаздарға азық түлік, 37 мың теңгеге қайырымдылық көмектер көрсеткен.

Сонымен бірге, аудандық кәсіподақ ұйымының есебінен онкологиялық науқас адамға 55 мың теңге  есеп шотына аударылса, 15 мың теңгеге жалғыз басты ардагер ұстаз азық түлікпен камтамасыз етілді. 

Көп балалы, жалғыз басты отбасы мүшелеріне бетперделер тегін таратылуда.

 

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы