Руханият • 08 Сәуір, 2020

Көрнекті қаламгер жастарға қазақ классиктерін оқуға кеңес берді (видео)

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрнекті қаламгер Мархабат Байғұт осы қиын кезеңде жастарды уақытты бос өткізбей, қазақ классиктерін оқуға шақырды. Ол өзінің туған ауылынан видеоүндеу жариялады.

Көрнекті қаламгер жастарға қазақ классиктерін оқуға кеңес берді (видео)

«Бүкіл әлем әбігер болып, дүние дүрлігіп жатыр. Бұл дерттен де құтылармыз. Ол үшін, әрине, темірдей тәртіп, жоғары жауапкершілік, мұнтаздай тазалық керек. Абай айтқан қанағат, рақым, талап, еңбек, терең ой керек» деді қаламгер. 

Қаламгер жастарға осы жағдайды пайдаланып, Абай, әл-Фараби даналарды, классик ақын-жазушылардың туындыларын, көркем әдебиетті оқуға кеңес берді.

«Бүкіл ұрпақ көркем әдебиетке бет бұруы керек. Кітап оқымаған ұрпақтың болашағы бұлдыр, келешегі күңгірт екені айқын» деп қорытындылады Мархабат Байғұт.