Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Тараз қаласында тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында осы уақытқа дейін коронавирус індетіне шалдыққан 86 жастағы әйел анықталған «Қарасу» шағынауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды.

Тараз қаласында тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

Қазір науқас инфекциялық стационарда ем алуда. Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, эпидемиологиялық тексеру барысында ол 17 наурыз күні Алматы қаласынан келген жақын туысымен байланыста болған. Сондай-ақ, онымен байланыста болған 5 тұлға анықталып, карантинге орналастырылған.

Тұрғын үйдің кіреберісіне және тұрғылықты жері бойынша дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілген. Осы кіреберістегі пәтерлердің 27 тұрғыны 14 күнге оқшауланып, өз пәтерлерінен шығуға тыйым салынды. Олармен тиісті мамандар сұхбаттар жүргізіп, тұрғындардың өзін-өзі оқшаулаудың маңыздылығын түсіндірді. Бүгінде тұрғын үйдің кіреберісінде полиция қызметкерлері кезекшілік етуде. Ал, мұндағы тұрғындарды Тараз қаласының әкімдігі қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Жалпы, өңірде бүгінге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырудың 45 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы Үндістанның Дели қаласынан келген азаматтардан анықталған. Тараз қаласында 5 оқиға, Қордай ауданында 18, Меркі ауданында 2, Шу, Мойынқұм және Жамбыл ауданында бір-бір жағдайдан тіркелген.

 

Жамбыл облысы