Спорт • 09 Сәуір, 2020

UWW олимпиадаға іріктеу турнирлерінің қашан өтетіні белгілі болды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен күрес әлемі (UWW) коронавирус індетінің қарқын алып, Токио Олимпиадасының ауыстырылуына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

UWW олимпиадаға іріктеу турнирлерінің қашан өтетіні белгілі болды

UWW шешімі бойынша, Олимпиадаға іріктеу турнирлері 2020 жылы жоспарланған мерзім бойынша 2021 жылға ауыстыырылды. Ұйымдастырушылар мен жарысты қабылдайтын мемлекеттер сол күйінде қалды. 

30 маусымға дейін UWW жоспарлаған барлық чемпионаттар кейінге ауыстырылады. Нақты шешімді ұйымдастырушылар, техникалық комиссия және спорт Департаменті қабылдайды. 

30 маусымға дейін барлық халықаралық турнир өткізілмейді.  Жылдың жарыс кестесі қайтадан қаралып, қайтадан түзіледі. 

Сондай-ақ UWW барлық ұлттық федерацияларды вирустан сақтану үшін ішкі чемпионаттарды өткізбеуге шақырды.  UWW 2021 жылы спортшылардың азаматтық ауыстыруына шектеу қойды.