Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Қостанай облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жойқын жол апаты кеше Бейімбет Майлин ауданында болған.

Қостанай облысында жол апатынан  2 адам қаза тапты

Сағат 22.40 шамасында Қостанай – Қарабұтақ автожолының 118-ші шақырымында Әйет ауылында тұратын 51 жастағы әйел ВАЗ-21093 автокөлігімен оң жақ жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан 53 жастағы ер адам мінген «ВАЗ 21099» көлігімен тура соқтығысады.  Нәтижесінде   «ВАЗ 21099» жүргізушісі мен осы көлікке мінген 60 жастағы жолаушы апат орнында жан тапсырған.  

- Аталмыш жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір жарақат алған жүргізуші әйел мен 4 жолаушы  Лисаков қаласының орталық ауруханасында жатыр.  Соңғы тәулік ішінде облыс орталығында 19 жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ, - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басталғалы Қостанай облысында жол апатынан 11 адам қаза тапқан.

 

Қостанай облысы