2019 жылы 1 740-қа жуық шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп, 1 300-дей шақырымы пайдалануға тапсырылды. 2020 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 917,9 шақырым жол мен көшелерді қамту көзделуде. Жыл қорытындысымен 605,6 шақырымы пайдалануға берілмек.
Облыс орталығы - Түркістан қаласы бойынша көшелердің жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Былтыр 86,4 шақырым көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 33,6%-ға жетті. Биыл 135,5 шақырым көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың шілде айында аталған жұмыстар толығымен пайдалануға берілетін болады. Түркістан қаласында жақсы және қанағатты жағдайдағы көшелер үлесін 49,4%-ға арттыру көзделуде.