Бұған дейін FINA әртістік жүзуден әлем кубогінің сегіз кезеңін өткізбеу туралы шешім қабылдаған болатын. Жақында су добынан өтетін Әлемдік лига ойындарының ауыстырылғаны мәлім болды.
Турнирдің әйелдер арасындағы суперфиналы 9-14 маусымға, ерлер арасындағы суперфинал 23-28 маусымға жоспарланған болатын. Коронавирус індетіне байланысты ұйым турнирдің финалдық кезеңін 2020 жылдың қыркүйек және қазан айларына қалдырды. Әзірге нақты өту мерзімі анықталған жоқ.